«Алдағы президент сайлауы- шешуші оқиға. Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық жасау ниетін қолдау мүмкіндігін осы сайлаудан кейін ғана қарайтын боламыз»,- деді ол.
Еуропалық институттар Қазақстанға қолдау көрсетеді, деді ол.
Еуропалық Парламент төрағасының бірінші орынбасарының пікірінше, «Қазақстандағы сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары ашық, еркін әрі қарқынды ахуалда жүргізілуде». «Мен оппозицияның пікірін де тыңдадым. Бұл пікір агрессиялық сипатта болғанымен, ашық екенін айтқым келеді. Сондықтан да Қазақстандағы үгіт-насихат жұмыстары Еуропалық стандарт аясында ашық жүргізіліп жатыр»,- деді ол.
i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті