«Спортшымен бірге саяхат» биылғы жылдың қазан айында түсіріле бастайды. 20-ға тарта қысқа сериялардан тұратын фильмді «Lonely Planet» продакшн-компаниясы жасайтын болады. Фильм идеясы бойынша Әлемдік бедел-атаққа ие «Астана» велошабандоздары Қазақстандағы қалаларды аралап, сүйікті демалыс орындарымен, тарихи және табиғи қорықтарымен, өздері жиі баратын мейрамханалар мен мұражайлармен таныстырады.
«Қазақстан шетелде өзінің «Астана» сынды велокомандасымен танымал. «Астана» велокомандасы, меніңше, өте брендті құбылыс. Көптеген еуропалықтар бұл команданы табысқа, жетістікке балап жатады. Біз «Астана» командасын үлгіге ала отырып, Қазақстанның басқа да қабілеттерін көрсеткіміз келеді», деп атап көрсетті С. Лайер.
Түсірілім және айналымға шығаруға арналған шығынды толықтай «Еуроспорт» арнасы өз мойнына алып отыр.
Еуроспорт — еуропалық ірі телевизиялық холдинг. Оның құрамындағы екі телеарна әлемнің 59 еліне 20 тілде хабар таратады. Оның негізгі бағыты спорттық матчтардың трансляциясын, әлемдік спорт жаңалықтары мен бағдарламалары. Бүгінгі таңда телеарнаның 20 млн. тарта көрермені бар.