«Спорттың әр түрлі салаларында табысты өнер көрсетіп жүрген, болашағынан үміт күттірер жас спортшылар туралы циклды телебағдарламаларды түсіруге құлықтымыз. Біздің басты мақсатымыз Қазақстанның спорттық әлеуетін көрсету, сонымен қатар циклды бағдарламалар арқылы осы елдің мәдениеті мен құндылықтары жөнінде мағлұмат беру», деп түсіндірді С. Лайер мырза.
Аталмыш телебағдарламаларда Евгений Королев, Андрей Голубев, Сергей Каримов, Роман Киреев, Евгений Непомнящий және тағыда басқа жас спортшылар өздері жайында әңгіме өрбітіп, әлемде олар үшін үлгі тұтатын беделді тұлға кім және болашақта қандай мақсаттар қойып отырғандығы жөнінде кеңінен тоқталатын болады.
Түсірілім және айналымға шығаруға арналған шығынды толықтай «Еуроспорт» арнасы өз мойнына алып отыр.
Еуроспорт — еуропалық ірі телевизиялық холдинг. Оның құрамындағы екі телеарна әлемнің 59 еліне 20 тілде хабар таратады. Оның негізгі бағыты спорттық матчтардың трансляциясын, әлемдік спорт жаңалықтары мен бағдарламалары. Бүгінгі таңда телеарнаның 20 млн. тарта көрермені бар.