Еврей халқы елімізге жылыжай салуды үйретіп, тамшылап суару әдісі бойынша тәжірибелерімен бөліспек - Израиль елшісі - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еврей халқы елімізге жылыжай салуды үйретіп, тамшылап суару әдісі бойынша тәжірибелерімен бөліспек - Израиль елшісі

Еврей халқы елімізге жылыжай салуды үйретіп, тамшылап суару әдісі бойынша тәжірибелерімен бөліспек - Израиль елшісі

Израиль Қазақстаннның ауыл шаруашылығы саласын дамытуға үлес қоспақ ниетте. Еврей халқы елімізге әсіресе жылыжайлар қызметін қалай жолға қою керектігін үйретіп, тамшылап суару әдісі бойынша тәжірибе бөліспек. Бұл туралы бүгін Сенат депутаттарымен болған кездесуде Израиль елінің Қазақстандағы елшісі Исраэль Мей Ами мәлім етті.

  • 2 Маусым 2011
  • 653
Фото - Caravan.kz


«Біз әлемде азық-түлікпен байланысты үлкен қиындықтар туып отырғандығын жақсы түсінеміз. Басқаша айтсақ, әлемде жейтін тамақ жетіспей отыр. Біз Қазақстанда азық-түлік стратегиялық мәселе екенін жақсы білеміз және бұл елде осы мәселені шешу бағытында қандай шаралар қолға алынып отырғанынан да хабардармыз. Израиль елі осы шараға атсалысуға әзір. Өйткені азық-түлік мәселесі күннен күнге өзектіленіп келеді»,-деді Израиль елшісі.

Соңғы жаңалықтар