«Евровидениеге» келген ресейліктерді украиндар кері қайтарып жіберді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Евровидениеге» келген ресейліктерді украиндар кері қайтарып жіберді

«Евровидениеге» келген ресейліктерді украиндар кері қайтарып жіберді

«Евровидение-2017» ән байқауы үшін Киевке келген ресейліктерді шекарашылар Украина жеріне кіргізбей, кері қайтарып жіберді,

  • 11 Мамыр 2017
  • 309
Фото - Caravan.kz

«Евровидение-2017» ән байқауы үшін Киевке келген ресейліктерді шекарашылар Украина жеріне кіргізбей, кері қайтарып жіберді, деп хабарлайды Baq.kz.

Бұл туралы кеше байқаудың құрметіне Ресейде кеш ұйымдастырған шоу-мен Дмитрий Мельников айтты, деп хабар таратты ТАСС.

«Евровидениенің» ресейлік фанаттарын Киев әуежайында ренжітіп, қалаға кіргізбей жатыр. Қазір оларды қайта ұшаққа отырғызып, Ресейге кері қайтармақшы», — деді ол.

Сондай-ақ, оның айтуынша, кем дегенде бес адамды Борисполь әуежайынан шығармай қойыпты. Онда ресейліктерді тамақсыз, сусыз алты сағат ұстаған. Олардың арасында байқау жанкүйерлері мен журналистер бар. Билеттері мен шараға тіркелгендерін растайтын құжаттарын көрсеткендеріне қарамастан, тәртіп сақшыларды оларды әуежай табалдырығынан бір қадам аттатпаған.

«Кеденшілер «олар Киевке не үшін келгендерін растайтын дәлел келтіре алмады» деп отыр. Тәртіп сақшылары журналистерден тіркелгені туралы бейдж сұраған. Бірақ оны Киевтегі баспасөз орталығында паспортты көрсеткеннен кейін бірақ береді. Кеденшілердің бұл туралы білетіні анық, себебі барлық шетелдік журналистер мен делегаттар тура сондай әдіспен келіп жатыр», — дейді Мельников.


«Евровидение-2017» Киевте өтіп жатыр. Оның ашылу салтанаты 7 мамырда өтті. Алғашқы жартылай финал 9 мамырда болды. Екіншісі 11 мамырға белгіленген. Байқау финалы 13 мамырда өтеді. Ресей Юлия Самойловаға Украинаға кіруге тыйым салынғандықтан бұл байқауға қатысудан бас тартқан еді.

Соңғы жаңалықтар