«EXPO 2023» көрмесі Буэнос-Айреста өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«EXPO 2023» көрмесі Буэнос-Айреста өтеді

«EXPO 2023» көрмесі Буэнос-Айреста өтеді

Әлем елдерінің қолдауы арқасында Буэнос-Айрес «EXPO 2023» көрмесін өткізу мәртебесіне ие болып отыр.

  • 16 Қараша 2017
  • 193
Фото - Caravan.kz

Халықаралық көрме бюросына мүше елдер осы ұйымның Парижде өткен 162-ші Бас Ассамблеясында келесі «EXPO 2023» мамандандырылған көрмесі өткізілетін ел ретінде Аргентинаға таңдау жасалды, — деп хабарлайды zakon.kz  Хабар 24. сілтеме жасап.

Кезекті көрмені өткізу үшін АҚШ, Польша және Аргентина өзара бақ сынасқан болатын. Таңдау оңай өткен жоқ. Американың Миннесота қаласы «Бүкіл әлемге денсаулық» тақырыбында тұсаукесер жасап, 25 дауыс жинаса, «Қаланы жаңғырту» тақырыбын ұсынған Польша цифрлық дәуірдің шығармашылық мүмкіндіктері туралы жоба түзген Аргентинамен тең түсіп, 46 дауысқа ие болды. Осыдан кейін екінші кезең өтті. Бұл жолы Буэнос-Айрес Польшаның Лодзь қаласына қарағанда 6 ұпай артық жинап, 62 дауысқа ие болды. Сонымен жаһандық көрме 2023 жылы 15 қаңтардан 15 сәуірге дейін Аргентинада өтеді. Бюрода атап өткендей, «EXPO 2017» мамандандырылған көрмесі жоғары дәрежеде өтіп, 4 миллион келуші жинаған. Бұл жоспардың екі есеге асыра орындалғанын көрсетеді.

– Бақытымызда шек жоқ. Тек біздің еліміз ғана емес, бүкіл Латын және Оңтүстік Америка қуанып жатыр. Әлем елдерінің қолдауы арқасында Буэнос-Айрес «EXPO 2023» көрмесін өткізу мәртебесіне ие болып отыр. Бұл барлық елдер үшін цифрлық жаңғыру мен жасампаздық индустриясын дамытуға үлкен мүмкіндік береді. Бүкіл әлем шағын смартфонның көмегімен өмірін қалай жақсартуға болатынына көз жеткізеді. Астанада өткен «EXPO 2017» көрмесіне қатысқанымызға ризамыз, өте жақсы әсер алдық. Елдеріңіз керемет жұмыс атқарды, сол себептен тәжірибелеріңізбен бөлісіп, көмек берулеріңізді сұраймыз, — деді Аргентинаның ақпарат министрі Эрнан Ломбарди.