Қажымұқан Мекемтас, Астана қ. Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының судьясы:
— Үкім заңды күшіне енген уақытқа дейін Үсеновке қатысты бұлтартпау шарасы үйқамақтан қамауға өзгертілсін. Қамауға сот отырысы залында алынсын. Сонымен бірге бүгін «EXPO ісіне» қатысы бар тағы 11 күдікті жазаға тартылды. Оның төртеуі Үсеновпен бірге қамауға алынса, біреуі шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Тағы екеуінің бостандығы шектеліп, қалған төртеуі 20 млн теңгеден айыппұл төлейтін болды. Ал атышулы істің бас айыпталушысы – Талғат Ермегияевке байланысты сот үкімі екі күннен кейін шығады.