«EXPO» көрмесін өткізу үшін ұлттық компания құрылады
|
Елімізде «ЭКСПО» көрмесін ұйымдастыратын ұлттық компания құрылады. Халықаралық шараға арнайы салынатын нысандар мен инфрақұрылымдарды жобалау, құжаттарды реттеу, құрылыс жұмыстарын қадағалау міндеттері осы мекемеге жүктелмек.
Сонымен қатар «ЭКСПО»-ға дайындық жұмыстарын мемлекеттік комиссия мен жақын күндері Астана әкімдігі жанынан ашылатын арнайы дирекция атқарады. Дирекция Елордадағы инфраструктураны көрме талаптарына сай дамыту шараларымен айналысуы тиіс. Жалпы елімде ұйымдастырылып жүрген ірі іс-шаралар алдында мұндай дирекция құру мемлекет тәжірибесінде бар. Кеше ғана қаржы полициясы Азияда ойындарының Алматыдағы дирекциясын басқарған Сұлтанбек Сыздықовты ақша жеді деп қылмыстық іс қозғап, ел есіне салған болатын. Сонымен қатар, «ЭКСПО»-ға қатысты халықаралық келісімдерді жүргізу ісін «ЭКСПО-2017 қолдау қоры» жалғастыра бермек.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін