EXPO сайтына хакерлік шабуыл жасалды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
EXPO сайтына хакерлік шабуыл жасалды

EXPO сайтына хакерлік шабуыл жасалды

ЭКСПО-2017 көрмесінің сайтына ауқымды хакерлік шабуыл жасалды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. «20 тамызда Астана уақытымен саға

  • 21 Тамыз 2017
  • 256
Фото - Caravan.kz

ЭКСПО-2017 көрмесінің сайтына ауқымды хакерлік шабуыл жасалды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«20 тамызда Астана уақытымен сағат 23-00 кейін expo2017.astana.com сайты орналасқан серверге ауқымды Ddos-шабуыл жасалды. Сайтқа әртүрлі IP-мекенжайлардан жасалған шабуыл барысында секундына 20 мың сұрау жолданып, серверді істен шығаруға әрекет жасалды», — деп хабарлайды көрменің қоғаммен байланыс департаменті.

Департамент мәліметінше, техникалық қызметтің бірлескен жұмысының арқасында сервердің жұмыс істеу қабілеті толық қалпына келтірілді. Ddos-шабуылының барлық деректері арнайы қызметтерге жіберілді.


«Сайт жұмысындағы уақытша ақаулар үшін кешірім сұраймыз», — деп мәлімдеді ЭКСПО өкілдері.

Соңғы жаңалықтар