EXPO-2017 аумағындағы төтенше жағдайды біреу қасақана ұйымдастыры мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
EXPO-2017 аумағындағы төтенше жағдайды біреу қасақана ұйымдастыры мүмкін

EXPO-2017 аумағындағы төтенше жағдайды біреу қасақана ұйымдастыры мүмкін

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов EXPO-2017 аумағындағы төтенше жағдайды біреу қасақана ұйымдастырған болуы мүмкін екенін айтты, -

  • 18 Қараша 2016
  • 960
Фото - Caravan.kz

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов EXPO-2017 аумағындағы төтенше жағдайды біреу қасақана ұйымдастырған болуы мүмкін екенін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қылмыстық іс қозғадық. Сараптама жүргізіп жатырмыз. Қирау себебін анықтаған соң, процесстік шешім қабылдаймыз. Қазір біз техникалық сараптама жүргізіп жатырмыз. Себебін анықтаймыз. Біреу-міреу қасақана кесіп тастаған шығар, сапасыз материал болып шығуы да мүмкін. Барлығын зерттейміз, содан кейін ғана шешім шығарамыз", — деді министрі Астанадағы парламент отырысының үзілісінде.

Айта кетейік, бүгін EXPO-2017 аумағында опырылған құрылыс бөлігіне қатысты қылмыстық іс қозғалды.


Еске салайық, осыған дейін Астанадағы EXPO-2017 аумағында құрылыс бөлігінің опырылғаны хабарланған болатын. Төтенше жағдай 16 қарашада болған. Ал кейінірек BI Group компаниясы EXPO-2017 аумағында болған төтенше жағдайға қатысты мәлімдеме жасады. Сонымен қатар, BI Group өкілдері құрастырманың бір ай ішінде жөнделетінін мәлімдеген болатын.