EXPO-2017 көрмесі Астанада өткізілсе, елордаға бес миллионнан астам адам келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
EXPO-2017 көрмесі Астанада өткізілсе, елордаға бес миллионнан астам адам келеді

EXPO-2017 көрмесі Астанада өткізілсе, елордаға бес миллионнан астам адам келеді

EXPO-2017 көрмесі Астанада өткізілсе, елордаға бес миллионнан астам адам келеді.

  • 21 Қараша 2012
  • 405
Фото - Caravan.kz

2017 жылы EXPO Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге үміткер қалалар — Астана және Льеж өкілдерінің Парижде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қайрат Келімбетов осындай мәліметтерді келтірді.

«Бұл санды Льежде және Астанада сараптамалық бағалау өткізген арнайы халықаралық комиссия анықтады. Олардың пікірінше, Льежге шамамен алты миллион адам, Астанаға — бес миллион адам келуі тиіс. Бұл — шамалас сандар», — деді Қ.Келімбетов.

Бұл ретте, оның айтуынша, Льеж немесе Астанаға келетін адамдардың саны емес, көрме аясында өткізілуі жоспарланып отырған шаралардың әлемдік үдерістер барысына қалай әсер ететіні маңызды. «Біздің алға қойған мақсаттар — мыңжылдықты дамыту, орнықты әлемдік даму мақсаттары, «жасыл экономика» мен «жасыл энергетиканы» дамыту мақсаттары», — деп атап өтті ҚР Премьер-Министрінің орынбасары.

Оның айтуынша, бұл мақсаттарға Қазақстан Үкіметі 62 миллион еуро бөледі. «Яғни біздің көрменің болуы мүмкін қатысушысы болатын 70 дамушы елдің әрқайсысына 1 млн. еуродай тиеді», — деп түсіндірді Қ.Келімбетов.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан жеңіске жетсе, Астанадағы көрмеге 100-ден астам қатысушы мемлекеттер жиналады, соның ішінде 10-ға жуық әлемнің жетекші ұйымдары болады. Үш айдың ішінде павильондарда 5 миллионға жуық адам болып қайтады. Бұл үлкен міндеттер, жұмыстар атқаруды талап етеді, содан кейін үлкен кірістер болмақ.

Естеріңізге сала кетейік, ЕХРО-2017 көрмесінің Астанада өткізілуі Орталық-Азия және ТМД аймағының елдерінде өтетін бірінші халықаралық көрмелер бола алады. Халықаралық көрме бюросының EXPO-2017 көрмесін өткізетін ел туралы шешімі 2012 жылдың 22 қарашасында Халықаралық көрмелер бюросы Бас ассамблеясының 152-ші сессиясында шығарылады, мұнда 161 мемлекет құпия дауыс беру жолымен EXPO-2017 көрмесі өткізілетін қаланы анықтайды.

Соңғы жаңалықтар