EXPO-2017 өткізуге 1,2 млрд. еуроға жуық қаржы жұмсалады - kaz.caravan.kz
  • $ 510.84
  • 579.7
+16 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
EXPO-2017 өткізуге 1,2 млрд. еуроға жуық қаржы жұмсалады

EXPO-2017 өткізуге 1,2 млрд. еуроға жуық қаржы жұмсалады

Астанада EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге тартылған қаржыны қоса ескергенде 1,2 млрд. еуро жұмсалмақ.

  • 26 Қараша 2012
  • 393
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Астанада Қазақстанның орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы Рәпіл Жошыбаев мәлім етті.

Р.Жошыбаевтың айтуынша, аталған атаулы халықаралық шара қарсаңында салынатын инфрақұрылымға, коммуникация мен көрме өтетін орынды даярлауға бюджеттен 250 млн. еуро бөлінбек.

Сонымен қатар павильондар мен қонақ үйлердің және басқа да құрылыстарға 1 млрд. еуроға жуық қаржыны тарту көзделіп отыр.

«Жалпы барша әлемде EXPO-ны өткізуге орташа осындай көлемде қаражат жұмсалады»,-деп түйді ол.