«Expo-2017 қай елде өтеді?»- республикалық басылымдарға шолу - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Expo-2017 қай елде өтеді?»- республикалық басылымдарға шолу

«Expo-2017 қай елде өтеді?»- республикалық басылымдарға шолу

«Үстіміздегі жылғы 1 желтоқсанда Қазақстанда бірінші рет Тұңғыш Президент күні аталып өткелі отыр. Бұл біздің еліміз үшін жаңа мереке болып саналғанымен, әлемдік қауымдастық арасында бұрыннан бар. Айталық, АҚШ-та Президент күні 1880 жылдан бері мерекеленіп келеді. Біз бүгін тойлана бастағанына ға­сыр­дан астам уақыт болған Америка Құ­рама Штаттарындағы үрдістің ше­жі­ре­сіне тоқталып өтпекпіз»,-деп жазады «Егемен Қазақстан» басылымы бүгінгі санында. Аталған мереке жайындағы мақала «Президент күні» деген тақырыппен беріліп отыр.

  • 21 Қараша 2012
  • 562
Фото - Caravan.kz


Осы басылымда «Expo-2017 қай елде өтеді?» атты мақала жарияланды. Бәсеке басында — Бельгия мен Қазақстан. Сонымен, EXPO халықаралық көрмесі 2017 жылы біздің Ас­танада өте ме, жоқ па? Бұл сұрақтың нақты жауабы анық­талар күн де таяп қалды. Ол ертең Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының бас штаб-пәтерінде өтетін жиында ХКБ-нің 157 мүше елінің дауыс беруімен белгілі болады. «Қай нәрсенің де шешуші сәтінде жүрегің лүпілдеп, қо­бал­жу күй кешетінің бар. Кеше Парижде өткен EXPO-2017 халық­ара­лық көрмесінің соңғы қоры­тын­ды баспасөз мәслихатында да қазақстандық журналистер осы жағ­дайды бастан кешірді. EXPO-2017 көрмесіне қатысуға бізбен бәсекелестік танытып отыр­ған Бельгияның журналистері және Еуропа елдерінің бір топ баспасөз қызметкерлерінің қатысуымен өткен бұл қоры­тын­ды жиында біздің басты мақ­са­ты­мыз — қарсылас тарапқа «қа­ғыт­па» сұрақтар қойып, мінбердегі бельгиялықтардың мысын басып, меселін қайтару, керісінше, елі­міздің жеңіске лайық екендігін дәлелдеп, Астананың абыройын асқақтатуға титтей де болса үлес қосу болатын. Сөйтіп, сөз жарыс, пікір алмасулар басталып та кетті»,-деп жазады басылым тілшісі. Аталған жарссөз барысында көтерілген мәселелер жайында толық білгіңіз келсе «Егемен Қазақстан» газетін алып қараңыз.

***

«Айқын» басылымының жазуынша, The Times хабарына қарағанда, ұлты өзбек миллиардер Алишер Усманов жеке өмірбаян жолына өзгеріс енгізу үшін британдық PR-компаниясын жалдаған. Арғы тегі ала тақиялы ағайындар­ға жататын, бүгінде ресейлік қалталы аза­маттар қатарынан мықтап тұрып орын алған Алишер-ака кезіндегі кей­бір жағдайларды «жұмсартуды» ойластыр­ған көрінеді. «Миллиардер олигарх ин­тернеттегі барлық құпияларын тазалау мақсатында алдыңғы қатардағы пиар-компанияны жалдаған. Оның ішінде Өзбекстандағы қылмысы да бар. Али­шер Усманов Батыстың сеніміне кіру үшін бұрынғы қылмыстарын жасырып, қазіргі жақсылығын асыруға шын­дап кіріскен сыңайлы» дейді бұқаралық ақпарат құралдары. Олигарх Усманов биыл Sunday TimesRich List-тің бағалауынша, екінші орында тұр. Нақтырақ айтсақ, оның бар байлығы 12 миллиард фунт стер­линг­тен асқан. Басылымның жазуынша, миллиар­дерге көрсетілетін қызмет оңай болмай тұр. Бұл шаруаны дөңгелетіп жат­қан RLM Finsbury PR-компаниясы Ұлыбританиядағы ең танымал маман­дардан құралған. Бұл материал «Байлар да бәледен аулақ жүреді» деген тақырыппен басылды.

Осы газеттегі «Полиция жүргізуші куәлігін бірден алмауы тиіс» атты ақпараттта Ішкі істер министрлігі Жол комитетінің бастығы Берік Бейсенқұловтың кеше елордада өткен онлайн-конференцияда көтерген мәселелері жазылып отыр. Еліміздің Бас жол поли­цейінің айтуынша, қолданы­лып жүрген заңға сәйкес жол ережесін бұзған жүр­гі­зушінің куәлігі егер әлгі жүр­гізуші екінші қайтара жол ережесін бұзған жағдайда ға­на алынуы тиіс.
— Бұған қоса, жол поли­цейлері жол қауіпсіздігі ере­жесін бұзған жүргізуші­нің куәлігін еліміздің Әкімші­лік құқық кодексінің 541-бабы­на сәйкес алуға құқылы. Ал жүргізушіні куәлігінен айы­ру немесе айырмау мәселе­сін шешу — істі қараған әкімші­лік соттың құзырында. Сондай-ақ мұндай норма үстімізде­гі жылы 9 сәуірде еліміздің Жоғарғы соты қабылдаған «Өндірісті қамтамасыз ету шараларын қолдану және басқа да әкімшілік құқық бұ­зу жөніндегі заңдылықтар­ды қолдану мәселелері туралы» деп аталатын нормативтік қаулының 16-тармағында қарастырылған, — деп түсін­дірді ІІМ Жол комитетінің бастығы Берік Бейсенқұлов. Сондай-ақ еліміздің Бас жол полицейі қандайда бір оқиға кезінде жол полицей­лерімен болған жайтты көлік жүргізушісінің бейнетаспа­ға түсіруіне ешқандай шек қойылмайтынын және мұн­дай бейнежазбаларды әкім­шілік істі қарау кезінде қол­дану немесе қолданбау сот органдарының құзырында екендігін де жасырмады.

***

«Алаш айнасы» басылымындағы «Дат! айдарының қонағы ҚР Қорғаныс министрі, Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділбек Жақсыбеков: «Қорғаныс министрлігіндегі жұмысымды емес, футбол үшін көп сынап-мінейді» деген тақырыппен бүгінгі қазақ футболының жай күйін сөз етеді.

Осы басылымда Норвегияның әділет министрлігінің бас сарапшысы, жазаларды орындау қызметінің өкілі Сьюзанне Фив өз еліндегі түрме жүйесі мен Қазақстандағы ахуалды салыстыра баяндайды. «Түрме қоғамды емес, қоғам түрмені тәрбиелейді» тақырыбы қоғамның жүгін көтеріп тұр.

Соңғы жаңалықтар