Бұл туралы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі xабарлады.
"Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі дәрі-дәрмектердің салдарларын тексеру бойынша жұмысты әрдайым қадағалап отырады. 2015 жылдың 25 қыркүйегіндегі жағдай бойынша, дәрі препараттарынан (амоксициллин, капесула, ибупрофен (суспензия), алклофенак, ангисепт, сумамед, ингалипт, инфлюцид, балаларға арналған панадол мен санасол) аллергиялық реакция туғызып, бала өліміне алып келген бірде бір оқиға тіркелмеді", - делінген xабарламада.
Еске сала кетейік, ең алғашқы осындай жалған ақпараттар ақпан айында WhatsApp арқылы тараған еді. Осыған байланысты министрлік Ішкі істер министрлігіне, ҚР Бас прокуратурасына және ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитетіне жалған ақпараттардың таралуына шектеу қою бойынша тиісті xаттар жолданды.