Әлеуметтік желіде журналистің ақталып шыққаны жайлы ақпарат тарады. Блогер Талғат Қатауов 2 жылға сотталған журналистің ақталып шыққанын айтып, халықтан сүйінші сұрады.
"Сүйінші, халқым! Түркістан облысы, Сарыағаш ауданыны тұрғыны, тәуелсіз журналист, асыл, әділ, қайтпас қайсар азамат Амангелді Батырбековты бүгін Түркістан облыстық аппеляциялық соты ақтап сот залынан босатты! Абеке, "Аққа құдай жақ" демекші Алла жар болып, халқың қолдап сізді ақтап шығарды! Отбасына және тума-туыстарына, достарына қуаныштарың құтты да ұзағынан болсын дейміз! Бірнеше ай бойы Амангелді ағаны қолдап сотқа қатысып келген барша қолдаушыларға және қорғаушы адвокаттары Шынар т.б рақмет айтып, алғыс білдіреміз", — деп жазды ол.
Естеріңізге сала кетейік, Түркістандық журналист 23 қыркүйек күні Түркістан облысы, Сарыағаш аудандық сотының үкімімен "Жала жабу" және "Қорлау" баптары бойынша кінәлі болып танылып, екі жыл, 3 ай мерзімге бас бостандығынан айырылған болатын.