Еске сала кетсек, Тайланд елінде қыркүйектің 6-12 аралығында ерлер мен әйелдер арасында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтуде. Оған Қазақстан құрамасы сапында амолалық зіл темір көтерушілерде да қатысуда.
Жарыстың 3 күні 63 келі салмақта сынға түскен жерлесіміз Фаина Сиванбаева жұлқа көтеруден екінші нәтиже көрсетсе, серпе көтеруден үшінші орынға тұрақтады. Осылайша, қос жаттығудың нәтижесі бойынша Фаина қола медальға қол жеткізді.
Сонымен қатар, осыған дейін Әсем Садықова да қола жүлдеге қол жеткізген болатын.