"Фанат болып, жасынан дінмен алысады": Мөлдір Анарбаева дінге кіріп кеткен жастарды қатаң сынға алды - kaz.caravan.kz
  • $ 478.96
  • 533.03
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Фанат болып, жасынан дінмен алысады": Мөлдір Анарбаева дінге кіріп кеткен жастарды қатаң сынға алды

"Фанат болып, жасынан дінмен алысады": Мөлдір Анарбаева дінге кіріп кеткен жастарды қатаң сынға алды

Танымал блогер, журналист Мөлдір Анарбаева діннің жетегінде кеткен жастарға үндеу жасады.

  • 13 Қыркүйек
  • 164
Фото - Caravan.kz

Ол қоғамды діннің фанаты болмауға шақырды, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.

Блогер бұл туралы өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Адам сатымен ақыл жинайды. Әзірге оңы мен солын танымайтын балаңызды қадағалап тұруды ұмытпаңыз. Әсіресе интернатта, жатақханада, топ болып пәтерде тұратын жастар тез еліктейді.
Жанындағылар үрейін алып, төмендетіп, өз қатарына қосып алады. Балаңыз іштей абдырап, психикалық қиналып екі сөйлесіп байға тиіп, қатын алады.
Одан кейін көресінді сіз ғана емес қоғам да көреді.
Айналайын адамдар жастарды қадағалайық.
Бәріміз мұсылманбыз!
Тек фанат болып жасынан дінмен алысқаныша ел үшін білім, ғылыммен айналысқаны жақсы емес пе?!

Қарыштап дамып жатқан елдерге жетіп алмаймыз ба?! Қазіргі заман жастарына басты қауіп қатер деструктивті діни ағымдар тарапынан болуда. Себебі, діни ағымдар өз қатарына адамдарды, әсіресе жастарды баулап алу үшін, жастардың психологиялық, психикалық жай күйін бақылап, талдау жасау арқылы қолдарындағы бағдарламаларды пайдалануда.

Жас буын – бұл халықтың, мемлекеттің, жер шарының болашағы. Оған үміт артады, олардан батыл әрекеттер мен идеялар күтіледі. Жастардың рухани-өнегелік тәрбиесі мен жетілуіне аса мән берейік», — деп жазды блогер.