Көпшілік оны аста-төк той жасағаны үшін, сынға алған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Дина Төреәлі ұлы Ерманбидің бесік тойын жасаған. Оған бойжеткеннің туған-туыстары мен жақындары қатысқан.
Көпшілікке әсіресе аста-төк той жасалып, тойға әкелінген дүние-мүліктің көптігі жақпай қалған. Олар сыни пікірлерін жаудырып жатыр.
"Баймен бай құда болса ортасында жорға жүреді, кедей мен кедей құда болса ортасында дорба жүреді деген осы шығар", "Осындайды қайдан шығарған, артық, ысырап қой бәрі?", "Бар болған соң береді де. Әйтпесе дарақылық", "Кедей тоңып секіреді, байлар тойып секіреді деп бекер айтылмаған ғой. Қаншама адам нанға тиын таппай отқанда бұлар бей берекет шашып төгіп мақтанып көрсетеді" деп жазды олар.