Федерация кеңесінің төрағасы Қазақстанға жасаған сапарының нәтижесіне дән риза - kaz.caravan.kz
  • $ 514.74
  • 599.36
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
9 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Федерация кеңесінің төрағасы Қазақстанға жасаған сапарының нәтижесіне дән риза

Федерация кеңесінің төрағасы Қазақстанға жасаған сапарының нәтижесіне дән риза

РФ Федералдық жиыны Федерация кеңесінің төрағасы Сергей Миронов Қазақстанға жасаған сапарының нәтижесіне дән риза. Бұл туралы ол бүгін, 14-желтоқсанда "Қазақстан даму банкі" АҚ-ның президенті Қамбар Шалғымбаевпен кездесуден кейін журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды KZ-today тілшісі Астанадан.

  • 14 Желтоқсан 2004
  • 456
Фото - Caravan.kz

«Ең бастысы, біз сапар барысында бірқатар принциптік мәселелерді, соның ішінде Біртұтас Экономикалық Кеңістікті құруға қатысты нақты мәселелерді қарап үлгердік»,- деді С.Миронов.

Ресей парламентінің жоғарғы палатасының төрағасы Қазақстан басшылығымен кездесу барысында жария етілген екі жақты қарым-қатынастың қазіргі ахуалына берілген бағаға қанағаттанғандық білдірді. «Екі жақты қарым-қатынас тек саяси ғана емес, сонымен бірге жоғары экономикалық деңгеймен де сипатталады»,- деді С.Миронов. Ол 2004-жыл қорытындысы бойынша Ресей мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 7 млрд. долларды құрағанын еске салды. «Бұл әрине, қомақты көлем, дегенмен, екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықтың әлеуеті үшін шарықтау шегіне саналмайды»,- деді Федерация кеңесінің төрағасы.

Перейти к новостям спорта