Федералды резерв жүйесінің басшысы Бен Бернанке АҚШ-та болуы мүмкін техникалық дефолт әлем экономикасына кері әсер етеді деп есептейді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Федералды резерв жүйесінің басшысы Бен Бернанке АҚШ-та болуы мүмкін техникалық дефолт әлем экономикасына кері әсер етеді деп есептейді

Федералды резерв жүйесінің басшысы Бен Бернанке АҚШ-та болуы мүмкін техникалық дефолт әлем экономикасына кері әсер етеді деп есептейді

АҚШ-та болуы мүмкін техникалық дефолт әлем экономикасына да кері әсер етеді, деп хабарлайды rbc.ua сайты

  • 15 Шiлде 2011
  • 812
Фото - Caravan.kz

«… Техникалық дефолт АҚШ-қа кері әсер етіп, елді шок жағдайына апарады, оның әсері ұлттық экономикаға ғана емес, әлемдік экономикаға да жайылады», — делінген сайтта АҚШ федералды резерв жүйесінің (ФРЖ) басшысы Бен Бернанкеге сілтеме жасап.

Мақалада америкалық қазынашылық облигацияларға сенім АҚШ-тың қаржы жүйесі үшін дағдарыстық мәнге ие екені айтылған.

«Мұндай қадамның басты салдары (мемлекет қарызының деңгейін арттырудан бас тарту — ҚазТАГ) инвесторлардың АҚШ мемлекеттік акцияларына әлемдегі сенімді және ең ликвидті активтер ретіндегі сенімінің жоғалуы болады», — дейді Б.Бернанке.

ФРЖ басшысы мемлекет қарызының шекті деңгейін арттырудан бас тартуды сәтсіздікке апаратын «өз-өзіне қол салу» актісі деп атады.

Мақалада АҚШ 2011 жылдың мамырында мемлекет қарызының заң бойынша белгіленген шекті мөлшері $14,3 трлн-ға жеткені айтылған. Егер АҚШ конгресі 2011 жылдың 2 тамызына дейін мемлекет қарыздарының лимитін арттырмаса, Америка тарихында алғаш рет мемлекеттік облигациядар бойынша дефолт қаупі туындайды. Қазіргі уақытта мемлекеттің шығындардың әр доллары 40%-ға заем қаржымен қаржыландырылып отыр.

Бұрын хабарланғандай, Қазақстанда ұлттық қауіпсіздіктің жаңа стратегиясы әзірленіп жатыр. ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімовтың ақпаратына сәйкес, онда «бізге жоғары көтерілуге жол бермейтін индикаторлар (мемлекеттік қарыздың деңгейі де –ҚазТАГ) белгіленеді».

Соңғы жаңалықтар