Фейсбук пен Инстаграмның қызметінде кідіріс байқалды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Фейсбук пен Инстаграмның қызметінде кідіріс байқалды

Фейсбук пен Инстаграмның қызметінде кідіріс байқалды

Facebook пен Instagram әлеуметтік желілерінің қолданушылары сервис жұмысындағы ақауға тап болды.

  • 26 Қаңтар 2018
  • 196
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА Trend.az агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Танымал интернет-ресурстардың өшіп қалуы мен ақауын қадағалайтын Downdetector сайтының дерегі бойынша, Instagram жұмысындағы ақау 13:13-те EST, Facebook-тегі — 13.16-да EST басталған.

АҚШ, Мексика, Бразилия, Италия, Франция, Ұлыбритания, Польша, Болгария, Нидерланды және Ирландия елдеріндегі көптеген қолданушылар әлеуметтік желіге кіре алмаған және суреттерді қарай алмаған.

Италия, Швеция, Түркия, Нидерланды, Испания, Польша, Ресей, Германия, АҚШ пен Бразилиядағы қолданушылар жаңалықтар таспасын жаңарту кезінде кедергіге тап болып, өз аккаунттарына кіре алмаған.


Желтоқсанда Еуропа тұрғындары Facebook жұмысындағы ақауларды байқаған еді. 

 

Соңғы жаңалықтар