Фейсбуктың телефондағы қосымшасы жөнделді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Фейсбуктың телефондағы қосымшасы жөнделді

Фейсбуктың телефондағы қосымшасы жөнделді

«Facebook» компаниясының мамандары смартфондар мен планшеттердің қуатын азайтатын

  • 23 Қазан 2015
  • 327
Фото - Caravan.kz

iOS-пен басқарылатын мобильдік жабдықтарға арналған қосымшадағы қателіктерді жөндеді. Жаңартылған нұсқаны алдағы уақытта App Storе-ден жүктеп алуға болады, деп хабарлады dgl.ru. 

Компанияның өкілі Ари Гранттың айтуынша, кодтағы қателіктер мобильдік құралдардың процессорын толтырып тастайды. Сондықтан, энергия көп жұмсалады.

Facebook өкілі осы үшін пайдаланушылардан кешірім сұрады. Айта кетірлігі, Android базасындағы смартфондарда бұл қосымшада ондай қиындықтар кездеспеген.


Еске сала кетейік, бұған дейін пайдаланушылар Facebook қосымшасының «ашқарақтығына» көп шағым білдірген. Олардың арасында қосымшаны алып тастап, оны lite-нұсқаға ауыстырмақ болғандар немесе қызметтің браузер нұсқасын пайдаланғандар болған.

Соңғы жаңалықтар