Баспасөз қызметінің хабарлауынша, жарлық қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қ.Бакиев пен Ф.Кулов сайлау алдындағы науқан кезінде Қ.Бакиев президент болып сайланған жағдайда Ф.Куловты үкімет басшысына тағайындайтыны туралы келісімге қол қойған.
Ф.Кулов Қырғызстан Жогорку кенешінің депутаттары кандидарутасын бекіткенге дейін үкімет басшысының міндетін атқарушы болып істей береді. Қазір Қырғызстан парламентінің депутаттары демалыста жүр. Олар қыркүйек айының басында жұмысқа кіріседі.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, үкімет жаңа министрлер кабинеті жасақталғанға дейін толық құрамда жұмыс істейді. Осы жөніндегі жарлыққа Қ.Бакиев қол қойды.