Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Ф.Кулов биылғы жылдың 20-маусымында Қырғызстан Республикасы бірінші вице-премьерінің міндетін атқарушы өкілеттілігінен бас тартты. Осыдан бірнеше күннен кейін ол республика жұртшылығына Құрманбек Бакиевтің сайлау алдындағы науқынына белсене атсалысу үшін отставкаға кеткенін мәлімдеді.
Кулов пен Бакиевтің сайлау алдындағы одағы Қ.Бакиев президент болып сайланған жағдайда Ф.Куловты республика үкімет басшысы етіп тағайындау шартымен құрылған болатын. 10-шілдедегі мерзімінен бұрын өткізілген сайлауда сайлаушылардың 89 проценті Қ.Бакиев үшін дауыс берді. Осыдан кейінгі қорытынды баспасөз мәслихатында Қ.Бакиев уәдесін орындайтынын, Ф.Кулов «парламент мақұлдағаннан кейін Қырғызстан премьер-министрі болып тағайындалатынын» мәлімдеді.