Ф.Куловтың айтуынша, республиканың түрлі аймақтарынан көптеген ел азаматтары оған президент сайлауына үміткер ретінде қатысу туралы өтініш жасаған. «Қазіргі ең басты мақсат — елдегі ахуалды тұрақтандыру, мемлекеттік мекемелерді қалыпты жұмыс ырғағына көшіру, орыс тілді тұрғындардың елден кетуіне жол бермеу, ұлттар мен халықты тұтастыққа шақыру болып табылады»,- деді Ф.Кулов.
Ол сайлауға қатысу үшін Қырғызстан президентінің міндетін атқарушы Құрманбек Бакиевпен бірікпейтінін мәлімдеді. «Егер ол -президент, мен — үкімет басшысы ретінде сайлауға одақтаса түссек, онда екінші жақ аймақшылдықты алға тартатын болады»,- деді Ф.Кулов. «Ар-Намыс» партиясының жетекшісі алдағы уақытта республиканың оңтүстік аймақтарынан бастап Қырғызстан өңірлерін түгелдей аралап шығатынын хабарлады.
Ф.Кулов 90-шы жалдардың басында республика ІІМ-ін басқарған. Кейінірек Қырғызстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік министрлігіне жетекшілік жасады. 1999-жылы ол лауазымдық құзыретін асыра пайдаланғаны және мемлекет қаржысын талан-таражға салғаны үшін сотталды. Ф.Кулов 2005-жылдың қараша айында қамаудан босатылуы тиіс болатын.
Оппозиция өкілдері Ф.Куловты 2000-жылғы президент сайлауына қатыстырмау үшін оның үстінен жалған қылмыстық іс қозғалған деп санайды. Ф.Кулов бүкілхалықтық наразылық шараларына қатысушылардың талабы бойынша 24-наурызда қамаудан босатылған болатын.
Сәуір айының басында Қырғызстан Жоғарғы соты оны толық ақтады.
Қырғызстан президентінің сайлауы 2005-жылдың 10-шілдесіне белгіленді.