Тегі сенегалдық, жиырма жастағы мұсылман Түркияның иманның жетілуіне қолайлы және жанға жайлы ел екендігін айтып отыр. Мусса туып-өскен жері — Франциядан мұндай «жерұйықты» кездестірмегенін айтады.Ұлттық және діни себептерге байланысты түйткілдермен жиі ұшырасатын Франциядан гөрі оған Түркия әлдеқайда жағыпты.
«Соңғы уақытта оған Еуропаның алдыңғы қатарлы клубтары қолқа салуда. Алайда, Мусса өзінің сүйікті командасынан айырылғысы жоқ. Оны ақша емес, жайлы орта көп қызықтырады», — деп жазады сайт.