Ферғана жазығында болған 7 баллдық жойқын зілзала толқыны еліміздің оңтүстігіне дейін жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ферғана жазығында болған 7 баллдық жойқын зілзала толқыны еліміздің оңтүстігіне дейін жетті

Ферғана жазығында болған 7 баллдық жойқын зілзала толқыны еліміздің оңтүстігіне дейін жетті

Осы жойқын зілзала толқыны еліміздің оңтүстік аймақтарында да сезілді. Күші 3-4 баллдық жер асты дүмпулері Жамбыл мен Оңтүстік Қазақстан облыстарында тіркелген. Барлығы дін аман. Бірақ жер сілкінгенде жедел әрекет етпек түгілі, телефон қоңрауларына тұщымды жауап қайтара алмады деп жергілікті төтенше жағдайлар қызметіне халықтың ашуы жоқ емес.  

  • 21 Шiлде 2011
  • 559
Фото - Caravan.kz

Шымкенттіктер алғашқы дүмпуді түнгі бір жарымда сезіпті. Бес минуттан кейін жер одан күштірек сілкінген. Дүкендегі бақылау камерасына түскен көріністе зілзаладан сөредегі тауарлардың құлап жатқаны көрініп тұр.

Шымкент қаласының тұрғыны:

-Түнде 2-ге 20 мин қалғанда сықырлап жатты, одан осы мына үй шайқалды. Лифтке жүгіріп бардым, істемейді екен. Ашһәдуалла деп отырдақ, не істейміз басқа.

Шымкент қаласының тұрғыны:

-Құтқару қызметіне телефон шалдық, болуы да мүмкін, болмауы да мүмкін деді. Барып жата беріңіз деді. Сонда да біз 5-6 ға дейін отырдық.

Тараздықтардан да өткен түні ұйқы қашты. Тұрғындар дабыра көтеріп, өткен түнді далада өткізді. Халық құтқару қызметі оларды сабыр сақтауға шақырмақ түгілі, дабыл қағуды ұмытып кетті деп налиды.

Мұхамедәли Тілдабаев, Тараз қаласының тұрғыны:


-Теледидардан да, радиодан да ешқандай хабар болған жоқ. Дабыл, ештеңе ойнаған жоқ. Әлі өзім қорыққанымнан дірілдеп тұрмын. Мүмкін тағы да болса, құлап, үйдің астында мыжылып қалатын жағдайымыз жоқ. Ертерек хабар болса, біз оған дайындалатын едік.

Ал олардың шымкенттік әріптестері “ештен кеш жақсы” десе керек, дабылды жер сілкінген соң 1 жарым сағаттан кейін қосқан. 

Дарын Байсариев, ОҚО ТЖД бастығының орынбасары:

Біздің диспечерлер мен шұғыл кезекші халықты әрі қарай поникавать етпеу үшін түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, халықтардан әртүрлі сұрақтар болған, обратный талчок болған. Оны дүние жүзінде ешкім айта алмайды.

Әзірше зілзаладан қираған ғимараттар немесе зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Соңғы жаңалықтар