Ферроқорытпалар саласында соңғы 50 жылда табылмаған ғылыми жаңалық Қазақстанда ашылып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ферроқорытпалар саласында соңғы 50 жылда табылмаған ғылыми жаңалық Қазақстанда ашылып отыр

Ферроқорытпалар саласында соңғы 50 жылда табылмаған ғылыми жаңалық Қазақстанда ашылып отыр

Ферроқорытпалар саласында ашқан ғылыми жаңалығы арқасында Қазақстан өзінің ғылыми әлеуетін көрсете білді.

  • 4 Шiлде 2011
  • 868
Фото - Caravan.kz

Бүгін Астанада басталған II Халықаралық тау-кен металлургиялық конгресінде «ThyssenKrupp Metallurgie» компаниясының директоры Андреас Бейер осылай айтты.

Компания басшысы атап көрсеткендей, қазіргі кезде олар бірнеше жоба бойынша жұмыс істеуде. Олардың бірі — Астанадағы ферроқорытпалар институты негізінде әзірленген үштекті ферроқорытпалар. «Негізі, ферроқорытпалар саласындағы жаңалықтар сирек ашылады. Осы саладағы соңғы жаңалық — марганец ферроқорытпалары 60-шы жылдары ашылған болатын. Сондықтан Қазақстанда ашылған жаңалық ферроқорытпалар өнеркәсібі үшін аса маңызды. Бұл жоба кремниймен қоса аллюминий қоспаларын әзірлеуге мүмкіндік беріп, төмен энергетикалық шығындармен жоғары сапалы өнімді шығаруға жол ашады. Осы ғылыми жаңалық арқылы Қазақстан ферроқорытпалар өнеркәсібі саласындағы өзінің ғылыми әлеуетін көрсете білді», — дейді А.Бейер.

Соңғы жаңалықтар