Жарияланды: 520

Fiat компаниясы Қазақстанда толық өндіріс циклін ашуды көздеп отыр

Қазақстанның Италиядағы елшісі Андриан Елемесов Fiat компаниясының топ-менеджерлерімен кездесті, деп еліміздің СІМ хабарлады.

«Автоконцерн өкілдері Қазақстанда коммерциялық IVECO автокөліктері мен арнайы техника түрлерін құрастырып, қызмет көрсететін өндіріс желісін ашуға қызығушылық білдірді. Олар Fiat өнімдерінің толық циклін ашуды көздеп отыр», - делінген хабарламада. А.Елемесов топ-менеджерлерді «осы бағытта ынтымақтастық негізін қалау үшін» Қазақстанға шақырды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін