«Автоконцерн өкілдері Қазақстанда коммерциялық IVECO автокөліктері мен арнайы техника түрлерін құрастырып, қызмет көрсететін өндіріс желісін ашуға қызығушылық білдірді. Олар Fiat өнімдерінің толық циклін ашуды көздеп отыр», — делінген хабарламада.
А.Елемесов топ-менеджерлерді «осы бағытта ынтымақтастық негізін қалау үшін» Қазақстанға шақырды.