2018 жылы өтетін әлем чемионатынан бастап бірдей ұпай жинаған командаларға fair play ережесі қолданылады. Ең аз сары және қызыл қағаз алған командалар басымдыққа ие болады.
УЕФА-дан айырмашылығы сол, ФИФА командалардың ұпайы тең болған жағдайда, ең алдымен доп айырмашылығын есепке алады. Егер доп айырмашылығы да бірдей болса, онда екі команданың өзара кездесуінде жеңген командаға басымдық беріледі. Ал егер ол да тең болса, fair play ережесі қолданылады.
2018 жылы өтетін әлем чемпионатына қатысушы құрамалар өзімен бірге нөмірсіз және аты жазылмаған қақпашылар киетін ойын киімін алып жүруі тиіс. Бұл қақпашылардың қызыл қағаз алған кезінде немесе ойыншылардың бәрі алмастырып, қақпашы жарақат алған сәтте ойындағы футболшының қақпаға тұруы үшін қажет.
ФИФА жасаған жаңа ереже бойынша, әлем чемпионатының кубогы міндетті түрде тек капитанға берілуі тиіс емес. Сонымен қатар, кубокты тек әлем чемпионатын қабылдаған елдің президенті беруі керек.
Жаңа ереже бойынша, чемпионатты қабылдайтын стадиондар концерттерді тек турнирге екі ай мерзім қалғанға дейін ғана қабылдай алады. Бұл алаңның жақсы сақталуы үшін жасалған шара. Сонымен қатар, ФИФА әлем чемпионатына бір ай қалған уақытта стадиондарда жолдастық кездесу өткізуге тиым сала алады.