ФИФА басшысы: Футболдан ТМД чемпионатын өткізу мүмкін емес - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ФИФА басшысы: Футболдан ТМД чемпионатын өткізу мүмкін емес

ФИФА басшысы: Футболдан ТМД чемпионатын өткізу мүмкін емес

Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) президенті Йозеф Блаттер футболдан ТМД чемпионатын өткізу мүмкін емес деп санайды.

  • 21 Қаңтар 2013
  • 340
Фото - Caravan.kz

Ол Ресей футбол одағының президентіне бірлескен жарыстар идеясы туралы ұмытуға кеңес берді.

Ресей жаңалықтар агенттігінің хабарлауынша, Блаттер ТМД чемпионатын құру ФИФА қағидаттарына қайшы келетіндігін қадап айтты.

«ФИФА — бұл ең басты рөлдерді клубтар ойнайтын пирамида құрылымына ие ұйым. Клубтар клубтық жарыстар ұйымдастыруы керек, бірақ ұлттық федерациялар ішінде, бұл ФИФА мен әлемдік футболдың саясаты. Біз ұлттық лигалардың шекарасын еш уақытта қайта қарастырмаймыз.ТМД лигасын құру мүмкін емес, бұл ФИФА қағидаттарына қайшы, бұған жол берілмейді», — деді ол.

ФИФА президенті сондай-ақ, ұлттық федерациялардан тыс клубтық турнирлерді ұйымдастыру мүмкіндігіне ФИФА мүшелері — Конфедерациялар ғана ие екендігін қосып өтті.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера