Халықаралық футбол федерациясы жаңа технологияларды, оның ішінде бейнеқайталауларды пайдалануға қатысты үнемі қатаң ұстанымда болады.
“Біз матч кезінде озық технологияларды пайдалануға жол бере алмаймыз. Жаттықтырушы iPad планшетінде ойын эпизодтарын баяу түрінде қайта көре алады. Фифа мұндай құрылғыларды пайдаланумен үнемі күресіп келеді”, — дейді жұмыс тобының мүшесі, “Милан” командасы мен Италия құрамасының бұрынғы ойыншысы Деметрио Альбертини.
Гаджеттер көмегіне үнемі жүгінетін мамандардың бірі “Рома” жаттықтырушысы Луис Энрике.
“Мен озық технологияларға оң көзқарастамын, әсіресе олар маған жұмысымда көмектесетін болса. Бірақ Фифа бұған қарсы болса, әрине олардың еркіне бағынамын және ешқандай проблема тудырмаймын. Алайда айта кететінім, мен iPad құрылғысын тек жаттығу кезінде қолданамын”, — деп Ansa Л.Энрикенің сөзін келтіреді.