ФИФА президенті Зепп Блаттер ауруханаға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ФИФА президенті Зепп Блаттер ауруханаға түсті

ФИФА президенті Зепп Блаттер ауруханаға түсті

ФИФА президенті Зепп Блаттердің өкілі  оның ауруханаға түскенін және келесі сейсенбіге дейін болатынын мәлім етті, деп хабарлады Би-би-си. 

  • 12 Қараша 2015
  • 344
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын 79 жастағы Блаттер жүйе сырқатымен ауруханаға жатқызылғаны туралы ақпарат жарияланған болатын. Онда хабарланғандай, шенеуніктің сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар екені туралы соңғы айлардағы психологиялық қысым бұған себеп болған тәрізді.

Швейцария прокуратурасы Блаттерге қатысты тергеу жүргізуде, онда ол Кариб футбол одағымен (КОНКАКАФ) 2005 жылы ФИФА үшін көрінеу тиімсіз келісімшартқа қол қойды деп күдіктелуде.

Сондай-ақ 2011 жылы Блаттердің УЕФА басшысы Платиниге тоғыз жылдан астам уақыт бұрынғы жұмысы үшін 2 млн. швейцар франкін төлеуі де прокуатураның күдігін молайтты. Платини 1999-2002 жылдары Блаттердің кеңесшісі болып жұмыс жасаған болатын.


Қазан айының басында ФИФА-ның этика жөніндегі комитеті Зепп Блаттер мен Мишель Платиниді қызметінен уақытша шеттетті.  Зепп Блаттердің өзі барлық айыптауларды жоққа шығаруда.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера