ФИФА рейтингі: Қазақстан құрамасы 137-інші орынға сырғыды - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ФИФА рейтингі: Қазақстан құрамасы 137-інші орынға сырғыды

ФИФА рейтингі: Қазақстан құрамасы 137-інші орынға сырғыды

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) ұлттық құрамалардың кезекті рейтингін жариялады. Ол бойынша Қазақстан құрамасы Гонконг командасымен бірге 137-138-інші орындарды бөлісіп тұр. Осылайша біздің команда бұдан бір ай бұрынғы көрсеткішінен он бір сатыға төмендеп кетті.

  • 21 Қазан 2010
  • 614
Фото - Caravan.kz

Қазақстан Футбол федерациясының мәліметінше, «Еуро-2012» чемпионатының іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасымен бірге «А» тобында сынға түсіп жатқан Германия құрамасы рейтинг бойынша 4-ші, Түркия 29-шы, Австрия 49-шы, Бельгия 62-ші, ал Әзірбайжан 91-ші орындарда тұр.

Айта кетейік, ФИФА-ның бұл рейтингі жарияланғанға дейін Қазақстан құрамасы «Еуро-2012» чемпионатының іріктеу турнирі аясында төрт матч өткізіп, соның барлығында жеңіліп қалды. Біздің команда өз алаңында Түркияға 0:3, Бельгияға 0:2, Германияға 0:3 есебімен есе жіберсе, сырт алаңда Австриядан 0:2 есебімен жеңілді. Осыдан кейін ҚФФ Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы неміс маманы Бернд Шторкпен келісімшартты мерзімінен бұрын тоқтатты. Айта кетейік, бапкермен келісімшарт ағымдағы жылдың соңына дейін жасалған болатын. Ал арадағы уағдаластық бойынша біздің команда төрт ойыннан кем дегенде 3 ұпай жинауы керек еді.

ФИФА-ның жаңа рейтингі бойынша үздік ондыққа мына командалар кірді: 1. Испания, 2. Голландия, 3. Бразилия, 4. Германия, 5 Аргентина. 6. Англия, 7. Уругвай, 8. Португалия, 9. Хорватия, 10. Ресей. Кезекті рейтинг 2010 жылғы қарашаның 17-сінде жарияланады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера