ФИФА-ның бұрынғы вице-президенті Уругвайда қамауға алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ФИФА-ның бұрынғы вице-президенті Уругвайда қамауға алынды

ФИФА-ның бұрынғы вице-президенті Уругвайда қамауға алынды

Оңтүстік Америка Футбол конфедерациясының экс-басшысы және ФИФА-ның бұрынғы вице-президенті Эухенио Фигередо Уругвайда қамауға алынды. Бұл жерге ол Швейцариядан экстрадицияланған. Оған «алаяқтық жасады» деген айып тағылып отыр, деп хабарлады «ВВС» агенттігі. 

  • 25 Желтоқсан 2015
  • 598
Фото - Caravan.kz

Сонымен қатар, ол бірнеше миллион доллар пара алды деп айыпталған. Оның кінәсы дәлелденсе, 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Би-би-си хабарлағандай, Уругвай астанасы Монтевидеоға барғаннан кейін 84 жастағы бұрынғы шенеунік ұсталды. Оның өзін үй қамақта ұстау туралы өтініші қанағаттандырылмады.


Фигередо — 27 мамырда швейцариялық Цюрихте жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен ұсталған ФИФА-ның жеті жоғары лауазымды шенеунігінің бірі.