FILA қауымдастығының идеясы және Қазақстанның ұлтаралық келісім саясаты үндес болып келеді - FILA комитетінің төрағасы Г.Вилейта - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
FILA қауымдастығының идеясы және Қазақстанның ұлтаралық келісім саясаты үндес болып келеді - FILA комитетінің төрағасы Г.Вилейта

FILA қауымдастығының идеясы және Қазақстанның ұлтаралық келісім саясаты үндес болып келеді - FILA комитетінің төрағасы Г.Вилейта

FILA Халықаралық күрес түрлері қауымдастығының идеясы және Қазақстанның ұлтаралық келісім саясаты бірдей, былайша айтқанда, үндес болып келеді Бұл туралы бүгін қазақша күрестен III Әлем чемпионаты аясында өткен баспасөз мәслихатында FILA Халықаралық күрес түрлері қауымдастығының комитет төрағасы Гинтаутас Вилейта айтты.

  • 21 Қазан 2010
  • 698
Фото - Caravan.kz


«Бүгінде әлем бойынша ұлттық күрестің 200-ден астам түрі бар. FILA ұйымы осы күрес түрлерін бір шаңырақтың астында жинап, әрбіреуінің ұлттық ерекшелігі мен болмысын барша әлемге танытуды көздейді. Осы орайда Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлттық келісім туралы айтқан әсерлі сөзі әлі есімде. Оның «Бірлік ол — халықтардың бірін-бірі басқаруы емес, олардың бірін-бірі тануы» деген сөзі маған қатты ұнаған болатын. Міне, осы идея FILA Халықаралық күрес түрлері қауымдастығында да бар. Себебі, біздің басты мақсатымыз — ұлттық күрес түрлерін бір ортада ұйыстырып, осы спорт түрінің ұлттық нақыштарын жан-жақты насихаттау», — дейді Г. Вилейта.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера