Филиппин президенті шылым тастаудан бас тартты
Филиппин Президенті Бенигно Акино жергілікті дәрігерлер қауымдастығының үндеуіне қарамастан, шылымды тастаудан бас тартуда, деп кеше мемлекет басшысының өкілі Эдвин Ласьер мәлімдеді. |
«Қазір маған шылым шегу күйзеліске бой алдырмауға мүмкіндік береді. Президентке күйзеліспен қалай күресуді өздігінен шешу құқын беріңіздер», - деп президент ммлекеттік радио эфирінен атап көрсетті.
Бұған дейін Филиппин дәрігерлер қауымдастығы президентті шылым шегуді тастап өз отандастарына үлгі көрсетуге шақырған болатын.
Дәрігерлер 52 жастағы Б.Акино темекі шегу салдарынан жиі жөтеледі деген пікірде. Алайда Э.Ласьерда таяуда Австралия мен Жаңа Зеландияға сапары барысында президент темекіден емес, аллергияның салдарынан қатты жөтелгенін түсіндірді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін