Жарияланды: 320

Филиппинда тайфун салдарынан қаза болғандардың саны 700 адамнан асты

Филиппинде "Бофа" тайфуны салдарынан бір апта ішінде кем дегенде 714 адам қаза болды, 890 адам хабарсыз кеткендердің санатында, деп хабарлады сейсенбіде жергілікті БАҚ.

Алдында 647 адам қаза болған, деп хабарланған болатын. БҰҰ гуманитарлық мәселелерді үйлестіру басқармасы халықаралық қоғамдастықтан зардап шеккендерге көмек көрсетуді сұрады. Тайфун салдарынан ауыл шаруашылық жерлеріне келтірілген шығынның көлемі жалпы алғанда 210 млн доллар деп бағалануда.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін