Филиппинде қонақ үйден өрт шығып алты адам қаза тапты
Филиппиннің Олонгапо қаласында қонақ үйден өрт шығып, алты адам көз жұмды. Жергілікті полиция өкілінің айтуынша, өрт сөндірілгеннен кейін отельдегі бөлмелерден төрт еркек пен екі әйелдің мәйіті табылған. Қаза болған еркектердің үшеуі Американың, біреуі Оңтүстік Корея азаматы болып шықты. Әйелдердің аты-жөні белгісіз. |
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін