Филиппинде тайфун салдарынан 400-ге жуық адам мерт болды - kaz.caravan.kz
  • $ 503.35
  • 590.63
-2 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Филиппинде тайфун салдарынан 400-ге жуық адам мерт болды

Филиппинде тайфун салдарынан 400-ге жуық адам мерт болды

Филиппинде «Раи» тайфунынан қаза тапқандар саны 375 адамға жетті, тағы 56 адам хабар-ошарсыз кетті. Мұндай мәліметті Филиппиннің ұлттық полициясы жариялады.

  • 21 Желтоқсан 2021
  • 43
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Azattyq Rýhy Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Зардап шеккен аймақтардағы құрбандар саны туралы ақпарат әлі де нақтылануы керек», — делінген полиция есебінде.

Онда Филиппинде ең жойқын тайфунның салдарынан Орталық Висай аралдары мен Минданао аралының солтүстік-шығысындағы Карага аймағының тұрғындары қаза болғаны айтылған.

Табиғи апаттардың қаупін азайту және тәуекелдерді басқару жөніндегі ұлттық кеңес (NDRRMC) бүгін 58 адам қаза тапқанын хабарлады, олардың тек 4-еуінің өлімі расталды. Тағы 18 адам әлі де хабар-ошарсыз кеткен.


Филиппиннің орталық бөлігінде «Раи» тайфунынан ең көп зардап шеккен аймақтардың бірі Бохоль провинциясында 94 адам қайтыс болды, тағы кем дегенде 18 адам хабар-ошарсыз кетті. Бұл туралы провинция губернаторы Артур Яп хабарлады.

NDRRMC тайфуннан елдің 1 миллионға жуық тұрғыны зардап шеккенін, 442 424 адам эвакуацияланғанын хабарлады.

Ведомствоның алдын ала бағалауы бойынша, ауыл шаруашылығына түскен зиян 118,28 млн песо (2,4 млн АҚШ долларын), ал инфрақұрылымға – 225,17 млн песо (4,5 млн АҚШ долларын) құрайды.