Фин әуе компаниясы жолаушылардың салмағын өлшейтін болды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Фин әуе компаниясы жолаушылардың салмағын өлшейтін болды

Фин әуе компаниясы жолаушылардың салмағын өлшейтін болды

Бұл процедура тек қана жолаушылардың келісімімен жүзеге асады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Белта-ға сілтеме жасап. Finnai

  • 31 Қазан 2017
  • 193
Фото - Caravan.kz

Бұл процедура тек қана жолаушылардың келісімімен жүзеге асады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Белта-ға сілтеме жасап.

Finnair әуе компаниясы қарашадан бастап ұшу алдында жолаушылардың салмағын өлшейді. Сондай-ақ, эксперимент барысында жолаушылардың жүгі туралы мәлімет жинау жоспарланып отыр. Осылайша, әуе компаниясы ұшаққа түсетін нақты салмақты есептеп көрмек.

Салмағына қатысты ақпаратты жолаушының өзі ғана біледі, компанияның мәліметтер базасында бұл деректер анонимді болады.

Finnair компаниясының мәліметі бойынша, адамдардың салмағы киіммен бірге жыл мерзіміне байланысты әртүрлі болады, сонымен қатар, туристер мен бизнес-саятхатшылардың жүгінің салмағында да айырмашылық бар.


Еуропа авиациялық қауіпсіздік агенттігінің 2009 жылдағы мәліметі бойынша, ер адам мен оның қол жүгінің салмағы орташа есеппен 88 келі деп саналса, әйелдер – 70 келі, 12 жастағы бала – 35 келі.