Financial Times: Қазақстан инвесторларға мемлекеттік компаниялардағы үлесті ұсынады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Financial Times: Қазақстан инвесторларға мемлекеттік компаниялардағы үлесті ұсынады

Financial Times: Қазақстан инвесторларға мемлекеттік компаниялардағы үлесті ұсынады

Бүгін Қазақстан Үкіметі мемлекеттік активтерді жекешелендірудің ауқымды үдерісін әзірлеуде. Бұл ретте Үкімет қазақстандық және шетелдік инвесторларға

  • 6 Қараша 2015
  • 578
Фото - Caravan.kz

ірі компаниялардағы үлесті ұсынуға дайын, деп жазады Financial Times.

Financial Times ақпараты бойынша жекешелендіруге 60 ірі объект әзірленуде. «ҚазМұнайГаз» мұнай компаниясы, «Қазақтелеком» ірі телекоммуникациялық компания, «Қазақстан Темір жолы» теміржол компаниясы, «ҚазАтомӨндіріс», уран өндірісі компаниясы және «Самұрық-Энерго» компаниялара бар. Жекешелендірудің нақты мәліметтері әлі жарияланбаған.

«Самұрық-Қазына» мемлекеттік холдингінің Басқарма Төрағасы Өмірзақ Шөкеевке сілтеме жасаған Financial Times,  инвесторларға негізінен мемлекеттік компаниялардың 25 пайыздан кем болмайтын мөлшердегі үлесі ұсынылатынын атап өтеді, соның ішінде олардың акциялары Қазақстанның, Лондон мен Гонконгтегі қор биржаларына орналастыру жолымен жүзеге асатын болады.

Сонымен бірге, Астана халықаралық қаржы орталығы болуға да әзірленуде,  оның Дубай қаржы орталығы үлгісінде құрылатыны жоспарлануда. Орталықтың алаңында мемелкеттік компаниялар акцияларын орналастыру да жүзеге асатын болады. 2012 жылы Қазақстанда Халықтық ІРО бағдарламасы жүзеге асқан болатын. Оның аясында қаржы нарығына «ҚазТрансОйл» мұнай тасымалдау компаниясы мен «KEGOC» электр энергетикалық компаниясы шығарылған.

«Қазақстан Темiр жолы» вице президенті Мақсат Қабашев жолаушылар тасымалы секторын дамыту үшін компания халықаралық серіктес іздеп жатқанын мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, Еуропа мен Қытай арасындағы байланысты жаңғырта алатын Қазақстанның географиялық орналасу ыңғайлылығы да ықтимал инвесторлар үшін тартымды болмақ. Financial Times бұдан бөлек, Өмірзақ Шөкеевтің «Самұрық-Қазына» Қорының инвестициялық стратегиясы өзгеретіні және Қордың өзінің бақылайтын экономика секторына жеке инвесторлармен әріптестік бойынша салымдар жасау мүмкіндігі туралы мәлімдемесін де келтіреді. Мәселен, ағымдағы айдың басында «Самұрық-Қазына» мемлекеттік холдингі британдық тараппен мұнайгаз, тау-кен өндірісі, энергетика саласында екіжақты құжаттарға қол қойылғанын мәлімдеген. Ондағы келісімдерді жүзеге асыру әлеуеті 3 млрд АҚШ долларына бағаланады. Бұл құжаттар ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлыбританияға сапары барысында қол қойылған. 

Келісімшарттар бойынша Independent Power Corporation британдық операторының Қазақстанда төрт газтрубина станцияларының құрылысын салу, британдық United Green компаниясымен бірлесіп 105 млн АҚШ долларын құрайтын күн электр станцияларының құрылысын жүзеге асыру,  британиялық компаниялардың қатысуымен вольфрам өндіру бойынша бірлескен кәсіпорын құру және басқа да жобаларды қаржыландыру қарастырылып отыр.


Соңғы жаңалықтар