Финляндия астанасы Хельсинки қаласында ЕҚЫҰ-ға мүше елдер сыртқы істер министрлерінің 16-шы мәжілісі өтеді
Астана. 2 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Желтоқсанның 4-і мен 5-і аралығында Финляндия астанасы - Хельсинки қаласында ЕҚЫҰ-ға мүше елдер Сыртқы істер министрлерінің 16-шы мәжілісі өтеді. Бұл туралы кеше журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі. |
Аталған шараға Қазақстан делегациясын ҚР сыртқы істер министрі Марат Тәжин бастап барады.
"Мәжіліс аясында ҚР сыртқы істер министрі әріптестерімен бірқатар кездесулер өткізіп, арнайы баяндама жасайтын болады",-деді Е. Ашықбаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін