Финляндияда өткен кір спортынан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы екінші орынға ие болды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Финляндияда өткен кір спортынан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы екінші орынға ие болды

Финляндияда өткен кір спортынан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы екінші орынға ие болды

Финляндияның Тампере қаласында кір спортынан әлем чемпионаты өтіп, Қазақстан құрамасы үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Құрама ішіндегі сегіз медальға ие болған солтүстікқазақстандық жерлестеріміз тамаша өнер көрсетті.

  • 24 Қараша 2010
  • 521
Фото - Caravan.kz

Облыс құрамасының кір спорты бойынша бас жаттықтырушысы, халықаралық деңгейдегі спорт шебері Андрей Гмызун қоссайыс және ұзын цикл сайысы бойынша өнер көрсеттті. Өзі де күш сынасқан жаттықтырушы екі ойын түрінен алтын медальді жеңіп алып, әлем чемпионы атанды.

ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, әлем чемпионы Виталий Диденко 85 келі салмаққа дейін сынға түсті. Бәйгенің бірінші күнінде ол қоссайыс бойынша екінші орынды жеңіп алды. Екінші күні ұзын цикл жарысында тағы да күміс жүлдені қанжығасына байлады.

Финляндияда өткен әлем чемпионатында жалпы жүлделік есепте Қазақтан құрамасы ресейлік спортшыларға ғана есе жіберіп, екінші орынға шықты. Қазір спортшыларымыз республика чемпионатына дайындалуда.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера