Фируза Шарипованың жекпе-жегін қазақстандық телеарна тікелей эфирде көрсетеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Фируза Шарипованың жекпе-жегін қазақстандық телеарна тікелей эфирде көрсетеді

Фируза Шарипованың жекпе-жегін қазақстандық телеарна тікелей эфирде көрсетеді

Ертең Almaty Arena спорт кешенінде кәсіпқой боксшы Фируза Шарипова мен белгиялық «Питбуль» - Джемилла Гонтарюк арасында чемпиондық кездесу өтеді. Олар IBO және WBC Silver титулын сарапқа салады.

  • 29 Желтоқсан 2017
  • 256
Фото - Caravan.kz

Егер бұл кездесу отандасымыздың жеңісімен аяқталса ол екі салмақ дәржесінде әлем чемпионы атанады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Бұл кездесуде аты аңызға айналған Даниэль Ван де Виль төрешілік ететін болады. Ол 1363 бокстық кездесулерде қызмет атқарып, Майк Тайсон, Леннокс Льюис, кіші Флойд Мейвезер, Мэнни Пакьяо және көптеген танымал боксшылардың кездесулерінде төрелік етті.

Сонымен қатар, бұл кештің андеркардында тағы төрт белбеулік кездесулер өтеді. Қазақстандық боксер Али Ахмедов жартылай ауыр салмақта WBC Youth белбеуіне таласса, оның отандасы Ержан Залилов грузиялық Васико Лукашвили мен WBC CISBB Silver титулын сарапқа салады. Ресей спортшысы Инна Сагайдаковская WBC Silver чемпиондық титулдар IBO және WBC Interim үшін африкалық Мапуле Нгубане қарсы шығады, ал, ресейлік Сергей Дудинский жеңіліп көрмеген казақ Айдын Ельжановпен WBC CISBB Silver және WFA (World Fighting Assotiation) белбеулерін ортаға салады.

Онымен қоса, өздерінің кездесулерін өзбекстандық Жамшидбек Нажмиддинов (14-1-0, 9 КО), қазақстандық Али Балоев (2-0-0, 2 КО) пен белоруссиялық Игорь Караваев (8-15-0, 5 КО), қазақстандық Еділ Қожамбердиев(1-1-0, 1 КО) пен белоруссиялық Руслан Родивич(14-24-0, 14 КО), қазақстандық Темірлан Раимкулов (1-0-1, 0 КО) пен қытайлық Барлык Жаидар (3-0-0, 2 КО), қазақстандық Виктор Коточигов (5-0-0, 2 КО) –ресейлік Александр Подольский (9-1-0, 3 КО) өткізеді.

Фируза Шарипова мен Джемилла Гонтарюк жекпе-жегін тікелей эфирден «Хабар», «Бокс ТВ», «Матч ТВ», «Матч! Боец», Live, халықаралық FOX Sports және басқа да телеарналар көрсетеді. Барлығын қосқанда 50 мемлекетке таралады. Қазақстанда «Хабар» арнасынан тікелей эфир сағат 23:00-де Астана уақытымен басталады.


Билеттерді Almaty Arena кассаларынан және ticketon.kzkassir.kzzakazbiletov.kz интернет-сайттарынан алуға болады. Билет алған көрермендердің арасында Renault Logan автокөлігі ойнатылады.

Соңғы жаңалықтар