Жарияланды: 570

Флэшмоб: “Темекіңді алмаға айырбаста”

31- мамыр – Дүниежүзілік шылым шегумен күрес күні. Осыған орай Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы “Темекіңді алмаға айырбаста” атты флэшмоб ұйымдастырды. 

Үш күнге созылатын шара бүгін алмалы Алматымыздың  саябақтарының бірінде өтті. 40 келі алманы шылымқорларға таратқан Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандарының айтуынша, бұл бастама зиянды әдеттен арылуға керемет ықпал етпесе де, темекі шегушілерге бір сәт денсаулықтары жайында ойлануға мүмкіндік береді. Соңғы статистика бойынша, елімізде шылымға құмар жандар саны көбейіп, жаман әдетке көбіне жастар бой ұрып келеді. Оның үстіне темекі тартуға жас қыздардың әуес болып бара жатқаны алаңдатады. 2009 жылдың қазанында қабылданған “Халық денсаулығы жөніндегі” Заңның темекі шегушілердің санын азайтпаса керек. Естеріңізде болса, сол уақыттан бастап елдегі қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салынған. Алайда заңның орындалмай жатқанын Алматыдағы біраз мейрамханалар мен түнгі клубтардан байқау қиын емес. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть