Fly Arystan-ның Air Astanа-дан бөлінуі билет бағасына қалай әсер етеді - kaz.caravan.kz
  • $ 485.04
  • 525.98
0 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Fly Arystan-ның Air Astanа-дан бөлінуі билет бағасына қалай әсер етеді

Fly Arystan-ның Air Astanа-дан бөлінуі билет бағасына қалай әсер етеді

 Air Astanа әуекомпаниясының президенті Питер Фостер Fly Arystan Air Astanа-дан бөлінсе, тарифтер төмендемейтінін мәлімдеді. 

  • 30 Мамыр 2023
  • 16
Фото - Caravan.kz

БАҚ өкілдері Air Astana-дан Fly Arystan-ды бөліп шығару нарық пен тарифтерге қаншалықты әсер етуі мүмкін екенін Питер Фостерден сұрап көрді, деп хабарлайды, т Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

«Бұл мәселеге түсініктірек тоқталуға рұқсат етіңіз. Егер Fly Arystan-ды Air Astana-дан дереу бөліп шығаруды қарастыратын болсақ, онда тарифтерді төмендету туралы әңгіме болмайды. Керісінше, тарифтер өсуі мүмкін», — деді Питер Фостер.

Еске салайық, Қазақстандағы FlyArystan әуе компаниясы 2024 жылы жеке бөлініп шығады.