Caravan Logo

«Forbes: Қазақстаннан әкеткен қаржысына Храпунов отельдер мен виллалар сатып алып жатыр» - республикалық басылымдарға шолу

«Forbes: Қазақстаннан әкеткен қаржысына Храпунов отельдер мен виллалар сатып алып жатыр» - республикалық басылымдарға шолу

Осы басылымда «Forbes: Қазақстаннан әкеткен қаржысына Храпунов отельдер мен виллалар сатып алып жатыр» деген мақала жарияланды. «Қазақстаннан қашып кеткен Виктор Храпунов пен оның отбасының Швейцария олигархтарының арасында байлық жөнінен бірте-бірте жоғары көтеріле түскені туралы хабарлар біз­дің елімізге дүркін-дүркін жету үс­тін­де. Осы тақырыпта қалам тербеген отандық журналистер: «Біздің адамдар Швейцарияда да көзге түсуде» деген сөзді мысқылмен жазатын болды. Дегенмен, бұл сөздің ащы болса да шындығын Храпуновтар отбасы уақыт өткен сайын дәлелдеп келеді. Олар тіпті, өздерінің жылжитын-жылжымайтын мүліктерді сатып алу қарқынымен швейцариялық қоғамды таң қалдыруда. Алматының бұрынғы әкімі В.Храпуновтың қаржыны оңды-солды шашып жатқандығы туралы еуропалықтардың пікірі қазір Қазақ­стан­ға да жетіп отыр»,-деп жазады газет.

***

«Алаш айнасы» газетінің бүгінгі санындағы Дат айдарында көлемді сұхбат берген белгілі экономист маман Серік Жұманғарин моноқалаларды дамытуға бөлінген қаражат оларды 90 пайызға жаңғыртуы тиіс деп есептейді. Маманның пікірінше мемлекеттің шағын қалаларды дамыту жоспарының жүзеге аса бастауы ел экономикасының ілгерілей бастауының көрсеткіші.

«Алаш айнасының» ой-көкпар айдарында «Мемлекеттік білімге қаржы жинақтау жүйесі ата-аналар мен тәлімгерлерге тиімді бола ала ма» деген сауал төңірегінде пікірталас берілген. Пікірлері екіге жарылған мамандардың бірі әрбір ата-ана баласын оқыту үшін өзі қаржы жинақтау керектігін алға тартса, екінші жақ бұл ретте міндетті түрде мемлекеттің қолдауы қажет деп есептейді. Білім алудың қазіргі қиындықтарын сөз еткен бұл мәселеге білім саласының білгірлері өз пікірлерін қосқан.

Газет көтерген тағы бір мәселе «Тарихи тұлғаларымызды жас ұрпақ жақсы біле ме?» деген тақырып төңірегінде өрбіген. Шындығында бүгінгі жас буын өкілдері ұлттық тарихымызды қаншалықты терең біледі, жалпы тарихты оқыту жүйесі бізде дұрыс жолға қойылған ба? Осы сауалдың жауабын газет тілшісі тиісті мамандардан сұрастырады.

***

«Известия-Казахстан» газеті «Есть народные акционеры-миллионеры» атты материалында Қарағанды облысының бір тұрғыны «Халықтық IPO» бағдарламасы аясында «ҚазТрансОйл» АҚ-ның 2 млн. теңгеден астам қаржыға үш мың акциясын сатып алуға ниет білдіргенін жазады. Бүгінде бұл өңірдегі рекордтық тапсырыс болып табылады. «Қазпошта» АҚ-ның облыстық филиалының мәліметінше, мемлекеттік бағдарлама белсенді қарқын алып келе жатыр. Инвестициялық бағдарламаның бірінші күнінен бастап халықтың белсенділігі байқалуда. Атап айтқанда компанияның акционері болуға бел буғандардың саны күн санап артып келеді.