Жарияланды: 1600

"Forbes": Қырғызстанның экономикасы әлемнің 10 ең нашар экономикалары рейтингісінде

Forbes журналы әлемнің ең нашар экономикаларының ондығын жасап, оған Армения, Украина, Қырғызстан елдерінің экономика жүйелерін кіргізді, деп хабарлайды сейсенбі күні ҚырТАГ агенттігі.

Экономикалары ең нашар елдердің тізіміне (өсу бойынша): Мадагаскар, Армения, Гвинея, Украина, Ямайка, Венесуэла, Қырғызстан, Свазиленд, Никарагуа және Иран, деп жазады басылым. Forbes журналының түсіндіруінше, бірден бірнеше теріс фактор кездесетін экономика «нашар» деп саналады: жоғары инфляция, ЖІӨ-нің нашар өсімі, жан басына шаққандағы ЖІӨ-нің аз болуы, теріс сауда балансы. Журнал сарапшыларының пікірінше, 7-ші орын алған Қырғызстан табиғи ресурстарға бай ел болғанымен, тау өнеркәсібі мен металлургияны дамытуға шетелден капитал тартуда қиындықтар көріп лтыр. Басты теріс факторлар – жемқорлықтың жоғары деңгейі мен жұмыссыздық. Transparency International-дың жемқорлықты қабылдау рейтингінде Қырғызстан 178 орынның 164-шісінде. ХВҚ мәліметтеріне сәйкес, елдегі жұмыссыздық деңгейі 11% құрайды. Жан басына шаққандағы ЖІӨ небәрі $943, ал инфляция - 12,6%. ХВҚ бағалауынша, елдегі инфляция 2011 жылы 18%-дан асады, ал ЖІӨ өсімі 5% деңгейінде болады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін